Негізгі Жаңалықтар ЭЛЕКТР САМОКАТЫН ЖҮРГІЗУ ТАЛАПТАРЫ КҮШЕЙДІ

ЭЛЕКТР САМОКАТЫН ЖҮРГІЗУ ТАЛАПТАРЫ КҮШЕЙДІ

Бүгіннен бастап электр самокатын жүргізуге қойылатын талап күшейді. 25 тамыздан бастап қолданысқа енген жаңа өзгерістерге сәйкес, электр самокатын басқару кезінде жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажет. Сондай-ақ көлік құралын басқару құқығы жоқ адамдарға электр самокатын жолдың жүру бөлігінде жүргізуге болмайды.


Мегаполисте электр самокатын көлік құралын басқару құқығы жоқ адамға жүргізуге болмайды. Сондай-ақ жүргізуші куәлігінен айырылған азаматтарға электр самокатын жолдың жүру бөлігінде басқаруға тыйым салынады.


БАҚЫТКЕЛДІ АБДРАМАНОВ, ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жаңа талаптарға сәйкес, электр самокатын басқарған кезде жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажет.+++00:28–00:37 Белгіленген талаптарды бұзу, сондай-ақ оның салдарынан адамның денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтіру заңнамада көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.


Электр самокатын жүргізуге қойылған талаптарға байланысты JET компаниясының басшылығы да өз пікірін білдірді. Компания өкілдері пайдаланушыларды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.


САМАТ МЫРЗАБЕКҰЛЫ, JET КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
 Арнайы веложолдарда жүргізуші куәліктің қажеті жоқ. Ал көшелердегі вело сызыққа шығу үшін жасыңыз 18 ден асу керек, және арнайы бас киім және жүргізуші куәлігіңіз болуы шарт. Түнгі мезгілде жарық шағылыстыратын белбеу тағу міндетті.


Электр самокатын пайдаланған кезде өз қауіпсіздігіңізбен қатар, жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының басқа да қатысушыларының қауіпсіздігін ескерген жөн. Белгіленген талаптарды сақтау – жолдағы қауіпсіздіктің басты кепілі.





Бөлісу

Аймақтық телеарналар