ЕЛДЕ ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗІ 4 ЕСЕ ӨСТІ
Елде жаңартылатын энергия көздерін дамыту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді. Соңғы алты жылда энергия көздерінің үлесі төрт есеге өсіп, 8%-ға артты.
Қазіргі таңда елімізде жалпы қуаты 3,8 геговаттан асатын 172 энергия нысаны жұмыс істейді. Оның ішінде 71 жел электр станциясы, 54 күн электр станциясы, 44 гидроэлектр және 3 биогаз станциясы бар. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл нысандар 8,6 млрд киловатт электр энергиясын өндірді. Бір жылдың ішінде жалпы қуаты 500 мегаваттан асатын 9 жаңа нысан пайдалануға берілді. Ал биыл жалпы қуаты 245 мегаватт болатын 10 жаңа нысанды іске қосу жоспарланған. Салаға TotalEnergies, China Power, Masdar және China Energy сияқты ірі халықаралық инвесторлар тартылды. Олар заманауи технологияларды енгізіп, генерациялау қуатын арттырады.