Негізгі Жаңалықтар ТҮРКИЯЛЫҚ БАЙҚАУШЫЛАР САЙЛАУҒА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ

ТҮРКИЯЛЫҚ БАЙҚАУШЫЛАР САЙЛАУҒА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ

ТҮРКИЯЛЫҚ БАЙҚАУШЫЛАР САЙЛАУҒА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ

Қазақстандағы сайлау үдерісін Түркия Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Сердар Мутта бастаған халықаралық делегация бақылауға алды. Олар учаскелердің жұмысымен танысып, саяси науқанға жоғары баға берді.


 Байқаушылар дауыс беру тәртібін бақылап, азаматтарға, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалған жағдайларды бағамдады. Түркістанға барған делегация мүшелері дауыс беру барысы қалыпты жағдайда өткенін айтады. Олардың пікірінше, азаматтардың белсенділігі елдегі демократиялық үдерістердің маңызды көрсеткіші. Сердар Мутта Қазақстан мен Түркия арасындағы тарихи әрі мәдени байланыстың тереңдігіне тоқталып, ел халқына ізгі ниетін білдірді.


СЕРДАР МУТТА, ТҮРКИЯНЫҢ ЖОҒАРЫ САЙЛАУ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Өткен сенбі күні, сайлауға бір күн қалғанда, Орталық сайлау комиссиясында кездесулер мен келіссөздер өткіздік. Жексенбі күні сайлауға қатыстық. Сайлау учаскелері орналасқан мектептерді араладық.Қазақстан халқының саяси науқанға  белсенді қатысып жатқанын көрдік. Бұл елдегі жаңа жүйе бойынша өткізілген алғашқы сайлау болды. Дауыс беру учаскелері жабылғаннан кейін сайлау нәтижелері де жариялана бастады. Қоғамдық пікірден алған әсерімізге де, өзіміз жүргізген бақылауларға да сүйенсек, ешқандай тәртіпсіздік орын алмады. Қазақстан халқы өз таңдауын еркін жасады.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар