ЕЛДЕ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНА СҰРАНЫС АРТАДЫ
Биыл жылыту маусымында елде электр энергиясына сұраныс артады. Сарапшылардың болжамынша, тұтыну көлемі өткен жылмен салыстырғанда 3 пайызға көбейеді.
Әсіресе оңтүстік өңірлерде жүктеме жоғары болады. Мұнда қажеттілік 5 100 МВт-қа жетуі мүмкін. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 700 МВт-қа артық. Премьер-министр жауапты мекемелерге қысқы кезеңге дайындықты күшейтуді тапсырды. Мұндағы мақсат – алдағы жылыту маусымында халықты тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етіп, жарықтың өшіп қалуына жол бермеу.