2-4 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ЖАҢА ТӘСІЛМЕН БАҒАЛАНАДЫ
Жаңа оқу жылынан бастап 2-4 сынып оқушыларының білімін бағалау тәртібі өзгереді. Оқу-ағарту министрлігі бастауыш сыныптардағы бағалау жүйесін қайта қарады.
Жаңа тәсілді енгізуге ата-аналардың өтініштері, мұғалімдердің ұсыныстары мен отандық әрі халықаралық зерттеулердің қорытындылары негіз болған. Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі мәлімдеді. Министрлік жаңа жүйе арқылы балалардың білім деңгейін әділ бағалап, олардың оқу үлгерімін бақылауда ұстауды көздеп отыр.
ШЫНАР АҚПАРОВА, ОҚУ-АҒАРТУ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ
Бірінші сыныпта баға қойылмайды. Жаңартылған тәртіпте формативтік бағалау сақталып, оның рөлі күшейтіледі. Ал оқу бөлімдерін меңгеру нәтижесін анықтау үшін аралық бағалау енгізіледі. Ең алдымен формативтік бағалаудың тоқсандық бағадағы үлесі артады. Формативтік бағалау бұрынғыдай 1-ден 10 балға дейінгі шкала бойынша жүргізіледі. Тек балл қою тәсілі нақтыланады.