САЛЮТ АТҚАНДАРҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
Шымкентте пиротехниканы заңсыз пайдаланған тұрғындарға айыппұл салынды. Полиция қызметкерлері түнгі уақытта рейд жүргізіп, елді мекендерде және пиротехника қолдануға арналмаған орындарда салют атқан азаматтарды анықтады. Тәртіп сақшылары мұндай әрекет тұрғындардың тыныштығын бұзып қана қоймай, қауіпсіздікке де қатер төндіретінін ескертеді.
Түнгі рейд барысында тыныштықты бұзудың 4 дерегі анықталды. Пиротехникалық бұйымдарды заңсыз пайдаланған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция қызметкерлері тұрғындарға пиротехниканы қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып қолданудың маңызын түсіндіріп, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізді.