Негізгі Жаңалықтар ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚ БЕЛЕҢ АЛЫП БАРАДЫ

ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚ БЕЛЕҢ АЛЫП БАРАДЫ

Шымкентте интернет алаяқтық әлі де тыйылмай тұр. Қаскөйлер жаңа айла тауып, халықты құрығына түсірудің түрлі тәсілін ойластырып жүр.


Өзін банк қызметкерімен деп таныстырып, картаның дербес ақпараттарын беруді сұрайтын қылмыскерлердің қатары артқан. Тіпті, онлайн сауда алаңдарында да қауіп аз емес. Алаяқтар сатылымға шыққан тауарға алдын ала төлем жасауды талап етіп, кейін ақшаны алып, ізін суытады. Ал қарапайым тұрғындар арзан бағаға қызығып, қомақты қаржысынан айырылып қалып жатыр. Мұндай жағдайда қайтпек керек?


 МАҚСАТ ЖАНЫСБАЕВ, КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ
Шымкентте 347 интернет алаяқтық қылмысы орын алды.Оның 155-і ашылып, сотқа жолданған.Әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратып, адамдарды құрығына түсіретін алаяқтар көп.Біз банк қызметкерлерімен бірлесе отырып, тергеу амалдарын жүргіземіз.


 Алаяқтардың арбауына түсіп қалмау үшін ең алдымен сақтық керек. Мамандардың айтуынша, кез келген күмәнді қоңырау немесе хабарлама келген жағдайда асығыс шешім қабылдамау маңызды. Әсіресе, банк картасының деректерін талап етіп, белгісіз сілтемелерді ашуды өтінген жағдайда ақпаратты бірнеше рет тексеріп алу қажет.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар