Негізгі Жаңалықтар Ә. ӨСЕРБАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ФУТБОЛ ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

Ә. ӨСЕРБАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ФУТБОЛ ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

Түркістанда қаланың Құрметті азаматы Әліпбек Өсербаевты еске алуға арналған кіші футболдан облыстық ашық біріншілік басталды. Додаға 2013–2014 жылдары туған жасөспірімдер қатысып, өзара мықтыны анықтауда.


 Турнирге Түркістан өңірінің бірқатар елді мекендерінен жас футболшылар жиналды. Жасөспірімдер үшін бұл – тәжірибе жинап, спорттағы мүмкіндігін сынауға берілген жақсы мүмкіндік. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жарыстар балаларды спортқа баулып қана қоймай, командалық рух пен жауапкершілікті қалыптастырады. Әліпбек Шәріпбекұлы еңбек жолын өндіріс саласында бастап, инженер, экономист, цех бастығы және бас инженер қызметтерін атқарған. Кейін Түркістан қаласының әкімі, Кентау және Түркістан қалалары әкімдерінің орынбасары, облыстық басқарма басшысы және облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметтерінде еңбек етті. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтың есімі бүгінде осындай спорттық шаралар арқылы жас ұрпаққа үлгі етілуде.


 БОЛЫСБЕК ШӘРІПБЕКОВ, КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жасөспірімдер арасында футболдан облыстық турнир өтіп жатыр. Бұл – ағамыз Әліпбек Шәріпбекұлын еске алуға арналған дәстүрлі жарыс. Осы шараны ұйымдастырып жатқан Түркістан қаласының әкімдігіне алғысымды білдіремін. Жыл сайын осы дәстүрлі іс-шара жалғасын тауып келеді. Алдағы уақытта бұл турнир республикалық деңгейде өтеді деген сенімдемін.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар