Негізгі Жаңалықтар БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ СУИЦИД

БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ СУИЦИД

БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ СУИЦИД

Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесі әлі де өзекті. Алдын алу шаралары күшейтіліп, психологиялық көмек көрсету тетіктері жетілдірілгенімен, статистика көңіл көншітпейді.


Өткен жылы елімізде кәмелетке толмағандар арасындағы суицид дерегі 13,7 пайызға өскен. Ресми мәлімет бойынша, 199 бала өз-өзіне қол жұмсап көз жұмса, 405 жасөспірім суицид жасауға әрекеттенген. Биылғы жылдың алғашқы үш айындағы көрсеткіш те алаңдатарлық. Мамандардың айтуынша, жасөспірімнің мұндай қадамға баруына көбіне отбасындағы психологиялық ахуал, ата-ана мен бала арасындағы түсініспеушілік себеп болады. Баланың пікірін елемеу, шамадан тыс бақылау, ұрыс-керіс пен психологиялық қысым оның эмоционалдық жағдайына кері әсер етуі мүмкін. Сарапшылардың сөзінше, қайғылы жағдайдың алдын алуда баламен ашық сөйлесу, оның мәселесін тыңдау, дер кезінде психологиялық көмекке жүгіну маңызды.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар