Негізгі Жаңалықтар КОМПЛАЕНС ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ФОРУМЫ

КОМПЛАЕНС ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ФОРУМЫ

Комплаенс қызметтерінің жұмысына қатысты жаңа үлгілік ереже күшіне енді. Осыған байланысты Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті комплаенс офицерлеріне арналған форум өткізді. Жиында жаңа талаптар түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу тетіктері талқыланды.

 Жаңа талаптар комплаенс қызметтерінің ұйымдағы рөлін нақтылап, олардың дербестігі мен жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Форум барысында комплаенс офицерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды ұйымдастыру, тәуекелдерді анықтау және оларды төмендету жолдары түсіндірілді. Оқыту толықтай практикалық форматта өтті. Қатысушылар нақты жағдайларды талдап, өз тәжірибелерімен бөлісті.

 АЙПАРА АДИБАЙ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС ЖӨНІНДЕГІ САРАПШЫ
Бұл оқытудың негізгі мақсаты – 143-ші үлгілік ереженің енгізілуіне байланысты комплаенс офицерлерінің қызметіне қандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін түсіндіру. Екіншіден, ішкі және сыртқы талдауға қатысты өзгерістер қарастырылады. Яғни, жаңа бағыттар қандай, комплаенс офицерлерінің ішкі талдау бойынша жұмысы қалай жүргізілуі керек деген мәселелерді талқылаймыз.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар