ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ
Білімге жасалған әрбір қадам-жарқын болашаққа бастар жол. «Әділет»партиясының ұйымдастыруымен «Мектепке нық қадаммен» атты дәстүрлі қайырымдылық акциясы өтті. Игі бастама аясында №141 жалпы орта мектебінің оқушыларына оқуға қажетті құрал-жабдықтар табысталды.
Шараның басты мақсаты-жаңа оқу жылы қарсаңында әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға көмек қолын созып,балаларға қуаныш сыйлау. Осы орайда партия өкілдері әрбір оқушыға арнайы мектеп сөмкелерін таратып берді. Сөмкелердің ішіне оқу процесіне ең қажетті кеңсе тауарлары мен оқу құралдарының барлығы толықтай салынған.
ЕРБОЛ БАЙҚОНЫСОВ «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бәріңізге белгілі партиямыздың мектепке нық қадам республикалық акциясы басталды.Бұл барлық өңірде қазір жалғасын тауып жатыр және аз қамтылған отбасыларға өңіріміздегі осы біздің партияластардың,белсенділердіңбарлығы бірлесе отырып осы біздің партияластардың,белсенділердің барлығы бірлесе отырып,осы аз қамтылған көпбалалы отбасыларға өздерінің сый-сияпаттарын беріп жатыр.Және біздің мектепке барушылардың қазіргі таңда 500 ден астам балаға осындай сөмке мен құрал жабдықтар табыстадық .Осы әділет партиясынан бастамасымен енді бұл ары қарай жалғасын табатын болады.1-ші қыркүйекке дейін біз 1000 нан астам балаларға осындай сөмке табыстаймыз деген жоспарымызда бар.
Бұл жолғы қайырымдылық акциясы арнайы көпбалалы отбасылардан шыққан бүлдіршіндер мен жартылай жетім оқушыларға арналды. Қамқорлыққа бөленіп, жүздері бал-бұл жанған оқушылар мен олардың ата-аналары ұйымдастырушыларға өздерінің шынайы ризашылықтарын білдірді.
ГҮЛМИРА БАТИРОВА, КҮМІС АЛҚА ИЕГЕРІ
Күміс алқа анамын,3 ұлым 3 қызым бар.Осы Әділет партиясына алғысым шексіз.Мектепте 4 балам оқиды 11-9-6-4 сынып.Осы бастауыш сынып ұлыма Әділет партиясы жеңілдікпен қолдап жатыр,алғысымзды айтамыз.Көпбалалы аналар үшін бұл да бір үлкен көмек қой.
Айта кетейік, партия тарапынан бастау алған бұл игі шара жаңа оқу жылы басталғанша тоқтамайды. Қайырымдылық эстафетасы кезең-кезеңімен қаладағы басқа да білім шаңырақтарында өз жалғасын табатын болады.
ТОҒЖАН НӘЛІБАЕВА, №141 ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП ПЕДАГОГЫ
Біздің көзқарасымыз өте жақсы,өте керемет.Осындай қайырымдылықты ұйымдастырып отқан Әділет партиясына алғысымызды айтамыз,өте қуаныштымыз беріп жатқанына
Басқа да мектептерде жалғасын табатын бұл қайырымдылық акциясы жаңа оқу жылына дейін жүздеген бүлдіршінге қуаныш сыйлап,отбасыларға үлкен септігін тигізсе керек. Әділет партиясы өкілдерінің айтуынша,бұл бастама алдағы уақытта да жүйелі түрде ұйымдастырыл,білімге ұмтылған әрбір балаға қолдау көрсету бағытындағы жұмыстар тоқтамайды.