17 ЕСІРТКІ ЗЕРТХАНАСЫ ЖОЙЫЛДЫ
Елімізде жыл басынан бері 17 есірткі зертханасы жойылды. Бұл туралы ІІМ мәлімдеді. Сондай-ақ, 4,5 мың есірткі құқық бұзушылығы тіркелген.
Заңсыз есірткі айналымына қатысы бар 7 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесіліп, 12 қылмыстық іс қозғалды. 9 ұйымдастырушы мен 41 қатысушы ұсталған. Психотроптық заттарға қарсы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 17 синтетикалық есірткі өндіретін жасырын цехтың қызметі тоқтатылды.
БАҚЫТЖАН ӘМІРХАНОВ, ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ
Жедел профилактикалық іс-шаралармен қатар, есірткі бизнесінің қаржылық негізін жоюға бағытталған шаралар қабылдануда. 258 млн теңге көлеміндегі қаражатқа қатысты 10 мың банк картасы мен шот бұғатталды. Бұдан бөлек, есірткі саудасының көлеңкелі қаржы схемаларына қатысы бар 215 мың шетелдік карта-шоттың транзакцияларына шектеу қойылды. 8,5 мыңға жуық есірткі тарататын сайт бұғатталды.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл барысында заңсыз айналымнан 865 келі есірткі заты тәркіленді. Жасөспірімдерді есірткі ортасына тарту мәселесіне де ерекше назар аударылуда. Жыл басынан бері 55 кәмелетке толмаған ұсталды. Олардың 32-сінің есірткі өткізумен байланысты әрекеттерге қатысы бар.