ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ АРТАДЫ
Еліміздің барлық өңірінде «Заң және тәртіп» жобасы аясында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Биыл 1 000-ға жуық мектеп пен колледжде құқықтық мәдениет сабақтары ұйымдастырылды.
Жаңа оқу жылында да бұл жұмыстар өз жалғасын табады. Өйткені құқықтық мәдениетті баланың бойына жастайынан қалыптастыру маңызды. Өз құқығын білетін бала өзіне де, өзгеге де жауапкершілікпен қарайды. Сондай-ақ, заң талаптарын сақтап, қоғамдық тәртіпті бұзбайды. Мектептерде бұл бағытта кездесулер, пікірталастар мен түрлі профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылады. Оқушыларға буллинг, кибербуллинг, интернет қауіпсіздігі, қоғамдық тәртіп туралы ақпарат беріледі.