Негізгі Жаңалықтар ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС

Шымкентте қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында Тұран ауданының инфрақұрылымын дамыту мен шаһардағы діни ахуал жайы талқыланды. Кеңес мүшелері маңызды мәселелерді көтеріп, қаланың даму бағытын сарапқа салды.


АРУЖАН САМИДИН, ТІЛШІ:
Тұран ауданында инженерлік инфрақұрылымды дамыту мен жол сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Аумағы 36 300 гектарды құрайтын аймақта 22 шағын аудан бар. Мұнда 232 мыңнан астам халық тұрады. Бүгінде тұрғындарды ауыз сумен және электр энергиясымен қамту деңгейі 100 пайызға жеткен. Ал табиғи газ көрсеткіші 85,7 пайызды құрап отыр. Ауданда соңғы екі жыл ішінде 147 шақырым жолға асфальт төселді.  Жиында тұрғындарды толғандыратын мәселелер назардан тыс қалмады. Кеңес мүшелері аудан әкіміне инфрақұрылымға қатысты сауал жолдады.


БІРЖАН ӘЗІМБЕРДИЕВ, ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Аудандағы 22 шағынаудан 100 пайыз сапалы энергиямен қамтамасыз етілген.Бұл жерде «Оңтүстік Жарық Транзит» қызмет етеді.Биыл 8 трансформатор ауыстырылды.Жыл соңына дейін 2 трансформатор ауыстырылады.22 шағынауданда табиғи газ 19-ында бар.Қазір үш шағынауданда газбен қамту жұмысы жүріп жатыр.


АРУЖАН САМИДИН, ТІЛШІ:
Кеңес отырысында дін басқармасы басшысының баяндамасы тыңдалды. Оның айтуынша, қазір ақпараттық алаңдарда діни экстремизмге қарсы контенттің белсенділігі байқалады. Мәселені бір жолға қою үшін басқарма өкілдері қала тұрғындарын құлақтандырып, түсіндірме жұмысын жиі жүргізіп тұрады.


ҒАЛЫМЖАН САРМАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ М.А.
Басқарма Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес 5 бағытта жұмыс атқарады.  Діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл орнату; зайырлық саласындағы мемлекеттік саясатты ілгерлету;ақпараттық саясатты жүргізу; деструктивті діни ағым  жақтаушыларын оңалту жұмыстарымен қамту; деструктивті діни ағым жақтаушыларын бейімдеу. Аталған бағыттар бойынша жылдық көрсеткіштер бекітілген.


АРУЖАН САМИДИН, ТІЛШІ:
Жиын қорытындысында кеңес мүшелері көтерілген мәселелер бойынша бірқатар ұсыныстарын айтып, жауапты басқармаларға нақты міндеттер жүктеді.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар