МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ШАХМАТ ТУРНИРІНДЕ БАҚ СЫНАДЫ
Шымкентте мемлекеттік қызметкерлер арасында шахматтан өңірлік іріктеу турнирі өтті. «Government Chess Cup 2026» жарысына қаладағы түрлі департаменттер мен жергілікті басқармалардан 40-тан астам азамат қатысты. Іс-шараны ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ұйымдастырды.
Күмісай Асқарбай – қалалық азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының білікті маманы. Мемлекеттік қызметтің қарбалас жұмысымен қатар, ол шахмат тақтасында да тапқырлығымен танылып жүр. Бүгінгі турнирге ерекше дайындықпен келген ол жеңіске жетуді көздеп отыр. Бұған дейін де бірнеше жарысқа қатысып, жүлделі орындарға ие болған.
КҮМІСАЙ АСҚАРБАЙ, ҚАЛАЛЫҚ АЗАМАТТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ МАМАНЫ
Мен шахматқа қызығушылығым бар кішкентай кезімнен. Сондықтан осындай ойын болса жарысқа қатыса беремін қызғушылығымның арқасында. Бұған дейінгі осы спортакиада өзіміздің сот аралық ойындарда айнағанмын. Ол жерде де орынға еге болдым. Бұрындары мектеп кезінде мектеп аралық ойындарда орынға еге болғанмын.
Ақыл-ой додасына департаменттер мен жергілікті басқармалардан 11 команда жасақталды. 40-тан астам ойыншы өзара бақ сынады. Зияткерлік сайыс швейцариялық жүйе бойынша рапид форматында ұйымдастырылды. Қатысушылар логикалық ойлау қабілеті мен стратегиялық шеберлігін ортаға салды.
ҚАНАТ ҚАДЫРБЕКОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Турнирің мақсаты мемлекеттік қызметшілер арасында шахмат ойынына мемлекеттік қызметшілер арасында қызығушылығын ояту. Бұл ойын адамның ойлау қабілетіне, адамның аналитикалық қабілетіне жақсатруға өте жақсы көмектесетін ойындардың бірі. Өңірлік іріктеу ойындарынан кейін амандық болса республикалық деңгейде ойын олады деп күтілуде.
Сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Ал жеңімпаздар 24 қазанда Астана қаласында өтетін республикалық «Government Chess Cup 2026» турнирінің финалдық кезеңінде Шымкент қаласының намысын қорғайды.