АЛҒАШ РЕТ СҮЙЕК КЕМІГІ ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ ЖАСАЛДЫ
Шымкент медицинасында тарихи оқиға. Мегаполисте алғаш рет сүйек кемігі трансплантациясы жасалды. Қалалық онкологиялық орталықтың білікті дәрігерлері күрделі әрі жоғары технологиялық операцияны тұңғыш рет сәтті жүзеге асырды. Ауыр дертке шалдыққан 56 жастағы науқасқа өз сүйек кемігінің діңгек жасушалары қайта енгізілді. Науқастың жағдайымен әріптесім тілдесіп қайтқан еді. Сюжетте толығырақ.
Әлімжан Аббашов – Шымкентте сүйек кемігі трансплантациясы жасалған алғашқы пациент. Науқастың дерті жыл басында анықталып, оған көптік миелома диагнозы қойылған. Осыдан кейін ақ халаттылар оны күрделі операцияға бес ай бойы мұқият дайындаған. Осы уақыт аралығында науқас химиотерапияның бірнеше курсынан өтіп, аурудың белсенділігі төмендетілген.
ӘЛІМЖАН АББАШОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Осы жылдың 7-ш і тамызында маған сүйек кемігінің трансплантациясы жасалды. Құдайға шүкір ақ халаттылардың арқасында денсаулығым жасқсы. 27-ш июлде келіп түстім 7 тамызда операция жасалынып бүгін 27 тамызда шыққалы отырмын. Міне бір ай көлемінде.
Операциядан кейінгі оңалту кезеңі де сәтті өтті. Науқас арнайы оқшауланған стерильді бокста 20 күн бойы дәрігерлердің жіті бақылауында болып, қажетті ем-домды толық қабылдады. Бүгін денсаулығы жақсарған науқас үйіне шығарылды.
Дәрігерлердің кәсібилігі мен заманауи технологиялардың арқасында өңір тұрғындары енді мұндай күрделі емді Астана, Алматы қалаларына немесе шетелге бармай-ақ, Шымкентте алу мүмкіндігіне ие. Жауаптылардың айтуынша, мұндай операциялар тегін жасалады.
ТАЛҒАТ ҚҰРМАНОВ, ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БАР ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Бүгін енді тарихи күн. Бүгін біздің Шымкент қаламызда бірінші науқас үйге шығарылып жатыр. Бір ай бұрын біз трансплантация костного мозга жасағанбыз. Сәтті өтті. Бұл науқас ауырып келген еді инвалидный коляскамен. Жүрмей келген. Бізде енді лейкоцит деген бар 0 болған, тромбоцит 2 болған. Қазіргі күнде лейкоциты көтеріләіп үшке дейін, тромбоциты 120 ға көтеріліп сол науқасты сәтті бүгін үйге шығарып салдық.
Үшінші мегаполисте 10 мыңға жуық адам қатерлі ісік бойынша диспансерлік есепте тұр. Дегенмен жергілікті медицинаның әлеуеті артып келеді. Дәрігерлер трансплантология бағытын одан әрі дамытып, күрделі ем түрлерін Шымкентте қолжетімді етуге ниетті.