ҚОС БАЛУАННЫҢ ЖЕҢІСІ
Ағайынды балуандар әлем біріншілігінің жүлдегері атанды. Қос бозкілем шеберлерінің бірі Бекасыл Асамбек әлем чемпионатының күміс жүлдесіне ие болса, Нұрасыл Асамбек қола медальді қанжығалады.
Олар Словакияның Братислава қаласында өткен еркін күрестен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жаһандық сайыста 61 және 57 келіге дейінгі салмақта өнер керсетті. Жасындай жарқыраған қос балуанды жерлестері зор құрметпен қарсы алды.
БЕКАСЫЛ АСАМБЕК, ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ
Азия ойындары, әлем чемпионаты болады алда енді күмісті алтынға айналдырамын деген үміттемін. Арман, мақсат – олимпиада ғой Құдай қаласа топ жарып.
НҰРАСЫЛ АСАМБЕК, ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ
Құдай қаласа мұнымен тоқтамаймыз. Спорт басқармасына, федерацияға үлкен рақмет айтамын.