ДЗЮДОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ
Түркістандық балуан әлем біріншілігінің жүлдесімен оралды. Еркін Үсенов Эквадордың Гуаякиль қаласында жасөспірімдер арасында дзюдодан әлем чемпионатының қол жүлдегері атанды.
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшыны жерлестері зор құрметпен қарсы алды. Айта кетейік, жаһандық додада әлемнің 62 елінен 450-ден астам дзюдошы бақ сынады.
ЕРКІН ҮСЕНОВ, ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ
Қарсыластар өте мықты, барлығы дайындалып келген. Алда жастар арасында ел чемпионаты, облыс чемпионаты болады соған дайындаламыз. Спорт сүйер қауымға спортшыларға сәттілік тілеймін. Жарыстарға, оқу-жаттығу жиындарына, өмірлеріне сәттілік.