ОБЛЫСТЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫ
Түркістанда этномәдени бірлестіктер фестивалі аясында облыстық өнер байқауы ұйымдастырылды. Көне шаһарда бас қосқан өңірдің аудан-қалаларынан келген үздік өнерпаздар сахна төрінде ән айтып, би биледі. Жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленген бұл кеш елдегі достық пен татулықты одан әрі бекемдей түсті.
Сайыс барысында қатысушылар «Үздік шығармашылық ұжым», «Үздік аспаптық шығарма», «Үздік орындаушы» және «Қазақ тіліндегі үздік орындаушы» сияқты бірнеше бағыт бойынша өзара бақ сынасып, шеберліктерін жан-жақты көрсетті. Сарапшылардың сынынан өткен бес өнерпаз облыстық кезеңнің жеңімпазы атанып, республикалық сайысқа жолдама алды. Енді өңір үмітін арқалаған бұл дарын иелері алдағы республикалық додада Түркістан облысының намысын қорғайды.
ЮЛДУЗ БЕКТЕМІРОВА, ҚАТЫСУШЫ
Бүгінгі сайысқа екі номинация бойынша қатысып жатырмын. Алғашқы кезеңде домбырамен «Ағайша» халық әнін шырқадым. «Үздік қазақ тілінде орындаушы» номинациясында «Атамекенім» әнін орындап шықтым. Әндерді жақсы дәрежеде орындадым деп ойлаймын.