ҚР ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болып тағайындалды. Құрылтайдың жалпы отырысында депутаттар Ерлан Тынымбайұлының кандидатурасын бірауыздан қолдады. Ал Олжас Бектенов Үкімет басшысы лауазымында қалды.
Бүгін Құрылтай отырысында Мемлекет басшысы вице-президент және Премьер-министр лауазымдарына кандидатураларды ұсынды. Вице-президент тармақтары арасындағы теңгерімді қамтамасыз етіп, Құрылтай депутаттарымен және Үкіметпен тығыз жұмыс істейді. Сонымен қатар Конституцияға сәйкес Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді іске асырады. Осылай деген Қасым-Жомарт Тоқаев бұл лауазымға Ерлан Тынымбайұлын ұсынды. Құрылтай депутаттары оның кандидатурасын мақұлдады. Осылайша, Президент Жарлығымен Ерлан Тынымбайұлы Қарин бұрын атқарған лауазымынан босатылып, Қазақстан Республикасының вице-президенті болып тағайындалды. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет басшысы лауазымына Олжас Абайұлы Бектеновті ұсынды. Құрылтай депутаттарының басым даусына ие болған Бектенов осылайша Президент Жарлығымен Қазақстанның Премьер-Министрі лауазымына қайта тағайындалды.