Негізгі Жаңалықтар 5 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ

5 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ

5 мыңнан астам жұмыс орны. Түркістан облысында 105 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Олардың жалпы құны 158 млрд теңгеден асады. Жобалар толық іске қосылғанда 5 964 жаңа жұмыс орны ашылмақ.


 Бұл туралы облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен аппараттың апталық мәжілісте айтылды. Жиында өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқарма басшысының міндетін атқарушы Қанат Шонбасовтың есебі тыңдалды. Оның сөзінше, Қазіргі таңда жалпы құны 66 млрд теңге болатын 60 инвестициялық жоба іске қосылып, 3 328 жаңа жұмыс орны құрылды.


ҚАНАТ ШОНБАСОВ, ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ    
Биылғы жылы индустриялық аймақтарда аймақтарда 13 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған. Олардың жалпы құны 19,3 млрд теңгені құрап, 666 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бүгінде жоспарланған 13 жобаның 4-еуі іске қосылды.


Түркістан облысындағы 21 индустриялық аймақтағы өндіріс көлемі де артып келеді. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында аймақтарда орналасқан кәсіпорындар 16,1 млрд теңгенің өнімін өндіріп, бюджетке 600 млн теңге салық түсірген.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар