Негізгі Жаңалықтар «OMIR SHYMKENT» ТУРИСТІК КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

«OMIR SHYMKENT» ТУРИСТІК КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Шымкентте «Omir Shymkent» туристік кешені ашылды. Бадам су қоймасының жағалауында орналасқан жаңа нысан 74 гектар аумақты қамтиды. Ауқымды жоба экологиялық туризмді дамытуға бағытталған.


Жобаға салынған инвестиция көлемі 9 млрд теңгені құрайды. Кешеннің құрылысы өткен жылы басталған. Қазір мұнда табиғат аясында жайлы демалуға арналған 10 глэмпинг пен 10 капсулалы үй пайдалануға берілді. Ал кешен толық іске қосылғанда 48 глэмпинг, 18 капсулалы, 24 модульді үй, ASPAN мейрамханасы, Сақ моншасы, спорт алаңы мен амфитеатр бой көтереді. Бұдан бөлек, келушілер ат спортымен айналысып, шарап өндіру процесімен таныса алады.


 БЕКСҰЛТАН ӘДІЛХАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТУРИЗМ, СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР ЖӘНЕ КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
 Мұнда экопродукт қолданылған. Тұрғындар, қонақтар табиғат аясында дем алады. Жеке инвестордың есебінен салынып жатыр. Капсула, глэмпинг – жаңа форматта жүзеге асып жатқан дүниелер.


«Omir Shymkent» заманауи форматтағы туристік нысан болмақ. Мұнда халық қаланың қарбаласынан алшақтап, табиғат аясында жайлы тыныға алады. Жоба толық іске қосылса, жаңа жұмыс орындары ашылып, туризм индустриясы дамиды.


 ЖАДЫРА ДӘУЛЕТБАЙҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Өте керемет жоба екен. Бірінші көргенде таңғалдым. Бұрын-соңды елде болмаған жобалардың бірі. Бәрі жақсы үйлесім тапқан.


Әзірге нысанның алғашқы кезеңі жүзеге асты. Жоба тұжырымдамасын бұған дейін қала әкімі қолдаған.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар