Негізгі Жаңалықтар САХНАДАН САПҚА

САХНАДАН САПҚА

Сахнадан сапқа! Сарбаздар Ұлттық ұланға әлеуметтік желінің ықпалымен келе бастады. Шымкенттік кәсіби барабаншы Әлішер Олжабай әскери форма киіп, Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің қатарында қызмет етіп жүр.


Музыканттың әскери өмірге келуіне әлеуметтік желіден көрген ақпараттары себеп болған. Ұлттық ұланның әскери оркестрлерінде кәсіби музыканттарға да мүмкіндік барын көрген ол көп ойланбай, өнерін армияда жалғастыруды шешкен. Бүгінде Әлішердің кәсіби деңгейін байқаған оркестр ұжымы оған қолдау көрсетіп, бос уақытында жаттығуына мүмкіндік берген. Жас сарбаз әрі қарай әскери қызметін келісімшарт негізінде жалғастырып, Ұлттық ұлан оркестрінің құрамында өнер көрсетуді қалайды.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар