Негізгі Жаңалықтар «38. СОҢҒЫ НҮКТЕ»: СЕМЕЙ ОРМАНЫНДАҒЫ ҚАСІРЕТ

«38. СОҢҒЫ НҮКТЕ»: СЕМЕЙ ОРМАНЫНДАҒЫ ҚАСІРЕТ

«38. СОҢҒЫ НҮКТЕ»: СЕМЕЙ ОРМАНЫНДАҒЫ ҚАСІРЕТ

3 қыркүйектен бастап Семей орманында орын алған қайғылы оқиға желісіне негізделген «38. Соңғы нүкте» фильмі көрерменге жол тартады. Туынды табиғаттың тілсіз жауымен арпалыста қызметтік борышын өтеп, қаза тапқан 15 орманшының ерлігі мен тағдырына арналған. Толығырақ тілші баяндайды.


Табиғаттың тілсіз жауымен арпалыста қызметтік борышын өтеп жүріп қаза тапқан орманшылардың трагедиялық тағдыры күллі елдің қабырғасын қайыстырған еді. Кинотуынды аяқ астынан тұтанған алапат өрттің ортасында қалған мамандардың сын сағаттағы қайсарлығы мен ішкі жан дүниесінің арпалысын суреттейді.

Өте қызықты жоба болды.Енді халықтың көңілінен шығатын ерекше жоба болсын дегім келеді.


 Авторлар шынайы оқиғаны негізге алып, туындыны көркемдік тұрғыда қайта пайымдаған. Оқиға желісінде кейіпкерлердің қызметке адалдығы мен өткенге деген өкініші таразыға түседі.
 
Өте масштабты түсірілім болды деп есептеймін.Көрермен көңілінен шығатын туынды болуына тілектеспін.Барлық түсірілім тобына алғысым шексіз.


 Аталған кинотуынды Қазақстан  Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысы бойынша түсірілген. Жаңа маусымнан бастап үлкен экранға жол тартатын фильм көременді адамгершілікке үндейді.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар