Негізгі Жаңалықтар ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК АЙЫПТАУШЫ АНЫҚТАЛДЫ

ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК АЙЫПТАУШЫ АНЫҚТАЛДЫ

ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК АЙЫПТАУШЫ АНЫҚТАЛДЫ

Абай аудандық прокуратурасы «Үздік мемлекеттік айыптаушы» байқауын өткізді. Кәсіби шеберлікті арттыруға бағытталған байқауда прокурорлардың заңнаманы меңгеру деңгейі мен сөйлеу мәдениеті сынға түсті.


 Нұрым Тұрлыби – прокуратура саласында төрт жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан жас маман. Осы уақыт ішінде ол сот процесінде кәсіби шеберлігін шыңдап келеді. Күнделікті қызметінде заң талаптарын басшылыққа алып, әр істің мән-жайын мұқият зерделейді. Бұл байқау арқылы ол білімі мен тәжірибесін тағы бір мәрте сынап көрді.


НҰРЫМ ТҰРЛЫБИ, АБАЙ АУДАНДЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ
Жалпы, бұл байқаудың мен сияқты жас прокурорлаға берері мол.Себебі, біз осындай байқаулар арқылы қабілетімізді шыңдаймыз.Соңғы уақытта жұртты елең еткізетін қылмыстық істер бойынша сот процестері өтті.Осы процестер кезінде мемлекеттік айыптаушылардың сөйлеу мәдениетін арттыру мақсатында мұндай конкурстардың берері мол.


Сайыста қатысушылар теориялық білімдерін паш етіп, сот процесінде жинақтаған тәжірибесі мен кәсіби дағдыларын көрсетті. Екінші кезең сот отырысы форматында ұйымдастырылды. Мемлекеттік айыптаушылар түрлі жағдаяттарды заң тұрғысында сипаттап, өз ұстанымдарын қорғап, шеберліктерін сынады.


 БЕРІК ЕРКІН, АБАЙ АУДАНДЫҚ ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
  Қалалық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі судьяның өзі келіп қатысады.Бұл байқау қызметкерлердің шешендік қабілетін, дәлелдемелерді сотта ұсыну реттілігі мен заңнамасын сақтай бойынша өздеріне үлкен тәжірибе алады.


Мемлекеттік айыптаушы заңнаманы жетік меңгеріп, лезде шешім қабылдап, сөз саптауын дамытуы қажет. Мұндай байқаулар прокурорлардың білімі мен тәжірибесін ұштастырып, кәсіби шеберлігін жетілдіреді. Ал кәсіби сында дараланып шығып, жеңімпаз атанған қатысушыларға арнайы марапаттар берілді.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар