Негізгі Жаңалықтар ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТЕРДІ ҚАРСЫ АЛДЫ

ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТЕРДІ ҚАРСЫ АЛДЫ

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде 1-курс студенттерін қарсы алды. Білім күні жоғарғы оқу орны басшылығы оларға ақ жол тілеп, алдағы оқу жылында биік жетістіктерге жетулеріне сенім білдірді.


 Білімге құштар 3800-ден астам 1 курс студенті Халықтар достығы университетінің табалдырығын аттады. 27 жылдық оқу орны талапкерлерге мерекелік іс-шара өткізді. Жылдағы дәстүр бойынша жаңа түскен студенттерге білім кілті тапсырылды.  


АЙБОЛАТ МАЙМАҚОВ, ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ АРДАГЕРІ
Өмір ұстаз бен шәкірттен тұрады. Адамзат дүниеге келгеннен өткенге дейін үйренеді. Сондықтан білім деген ең үлкен жол.Жас студенттердің бүгінгі білім іздеу жолындағы қадамы құтты болсын дегеім келеді.


Білім күні қарсаңында биыл оқуға түскен жасөспірімдер арасындағы дзюдан әлем чемпионына ректор гранты табысталды. Жоғары оқу орны 50-ге жуық білім бағадарламасы бойынша оқытады. Оларға 500-ге жуық білікті оқытушы құрамы ұстаздық етеді. Биыл унивеситетте 5 жаңа оқу бағдарламасы ашылды.


 РАБИҒА ҚУАТБЕКОВА, АКАДЕМИК Ә.ҚУАТБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ
Биылғы ерекшелігіміз 5 жаңа оқу бағдарламасын аштық. Оның оқу мерзімі 3 жыл. Заман талабына сай жасанды интеллект, жаңа технологиялар бойынша, бизнес эконимика бойынша. Сонымен қатар, халықаралық жоғары оқу орындарымен келісім шарттар өте көп. Бізде екі дипломдық жұмыс, дуалды  оқу бар.


Халықтар достығы университетінде 15 мыңға жуық студент білім алады. Заман талабына сай үш жатақхана оларды жатын орынмен толық қамтиды. Биыл жоғары оқу орынына жапсарлас 9 қабатты жаңа заманауи оқу ғимараты салынады.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар