Негізгі Жаңалықтар ФУТБОЛ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ АШЫЛДЫ

ФУТБОЛ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ АШЫЛДЫ

Отандық футболды дамытуда маңызды қадам. Түркістан қаласында жаңа оқу жылының басталуымен қатар футбол мектеп-интернаты ашылды.


Бекзат Саттарханов атындағы жаңа мектепте қазір 260 оқушы білім алып, спортпен жүйелі түрде айналысып жүр. Нысанның жалпы жобалық қуаты 467 орынға шақталған. Айта кетейік, интернат 2025 жылы салынып, жобаға жеке инвесторлар тарапынан 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалған.


ӘЗІМБЕК ПАЗЫЛБЕКҰЛЫ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Жаңа футбол мектеп-интернатыда біздің спортшыларымызға деген қолдаудың көрінісі. Мұнда жас спортшылар сапалы білім алып қана қоймай, кәсіби футболдың қыр-сырын меңгеріп, өз шеберліктерін шыңдайды болады. Жалпы, біздің мақсатымыз ел намысын абыроймен қорғайтын халықаралық додаларда көк туымызды көкке көтеретін талантты Бекзаттай спортшылардың жаңа буынын тәрбиелеу.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар