Негізгі Жаңалықтар ҚҰМАЙ ТАЗЫ – ЖЕТІ ҚАЗЫНАМЫЗДЫҢ БІРІ

ҚҰМАЙ ТАЗЫ – ЖЕТІ ҚАЗЫНАМЫЗДЫҢ БІРІ

Құмай тазы – жеті қазынамыздың бірі. Бойында адалдық, ептілік пен тектілік қасиеттері ұштасқан төл мәдениетіміздің асыл мұрасы. Бүгін елімізде Қазақ тазысы күні алғаш рет аталып өтіп жатыр. Мегаполисте тазы баптап, күшігін тәрбилеп отырғандар да бар. Ұлттық өнерді ұлықтап жүрген бапкермен арна тілшісі Кенжехан Дүйсенбі   тілдесіп қайтты.

Бүгінде құмай тазыларымыз әлемдік ірі көрмелерде жүлделі орындар алып жүр. Асыл тұқымды итті көбейту қарқын алып,  тазы  асыраушылар қатары артып келеді.Серік Қанатбаевта  ұлттық өнерді жалғастырып келе жатқан жанның бірі. Тазы баптаушының  айтуынша уақыт талабына сай тазыны екі бағытта үйретеді.


 СЕРІК ҚАНАТБАЕВ, ТАЗЫ БАПТАУШЫ
Қазіргі таңда екі бағытта баптаймыз. Саятшылық пен жүгіртуге баптаймыз. Ең ішінде жүйрігін таңдаймыз. Тазы иттер ұлттық спортқа әлі кірген жоқ. Алайда сол ұлттық спортқа кіргізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Серік Қанатбаев күшіктерін мегаполистегі «Этно ауыл» кешенінде ұстап отыр. Осылайша ұлттық құндылығымызды қала тұрғындары мен қонақтарына дәріптеп келеді. Жақсы тазы шығару үшін күшігінде көп жұмыстар атқарылады. Ит тұқымын бала күннен баптап жүгіруге машықтайды.


СЕРІК ҚАНАТБАЕВ, ТАЗЫ БАПТАУШЫ
Ана сүтін доғарғаннан кейін екі үш айдан кейін біз шырға салып көреміз. Түлкінің терісіне ет байлап соған тартып көреміз. Арасынан таңдап жүйрігін жеке баптаймыз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тазы тұқымын сақтап, көбейтуге және оны халықаралық деңгейде насихаттауға айрықша мән береді. Президент тапсырмасымен соңғы жылдары бұл бағытта жүйелі жұмыс атқарылды.  Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін  молайту туралы заң қолданысқа енді.  Еліміз Халықаралық кинология федерациясының мүшелігіне қабылданды.  2024 жылы қазақ  тазысы халықаралық деңгейде алдын ала мойындалды. Қазақстан осы тұқымның шыққан  жері  ретінде ресми түрде  бекітілді.


Бөлісу