ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІ 3 ЖЫЛДА 37%-ҒА ӨСТІ
Қазақстанда дәрі-дәрмек өндіру көлемі артып келеді. Соңғы үш жылда отандық фармацевтикалық компаниялардың өндірісі 37%-ға өсіп, 191 млрд теңгеге жетті.
Қазір Қазақстанда дәрі шығаратын 200-ден астам кәсіпорын бар. Отандық дәрі өндірісіне шетелдік компаниялар да қызығушылық танытып отыр. 2025 жылы фармацевтика саласына салынған инвестиция 56%-ға өсіп, 142,8 млн долларға жеткен. Қазір елімізде жалпы құны 391 млрд теңге болатын сегіз ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл арқылы 494-тен астам жаңа дәрі түрін шығару жоспарланған. Өндіріс ошақтары Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы және Қарағанды облыстарында ашылады. Нәтижесінде елде мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады. Ал қазір елімізде 10 мыңнан астам дәріхана жұмыс істейді. Оның 2700-ге жуығы ауылдық жерде орналасқан. Ал шалғай елді мекендерге дәрі жеткізу үшін қазір елде 11 жылжымалы дәріхана жұмыс істейді.