Негізгі Жаңалықтар ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗҒАНДАР ДРОНМЕН АНЫҚТАЛДЫ

ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗҒАНДАР ДРОНМЕН АНЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысында дронның көмегімен жаяу жүргіншіге жол бермеген 12 жүргізуші анықталды.


Түркістан облысында полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу және болдырмау мақсатында профилактикалық іс-шаралар өткізуде. Нәтижесінде бір тәулік ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 30-ға жуық дерегі анықталды. Іс-шара барысында тәртіп сақшылары бақылау үшін дрон құрылғысын пайдаланды. Атап айтқанда, Сайрам ауданы көшелерінің бірінде жаяу жүргіншіге жол бермеген Nissan автокөлігінің жүргізушісі анықталып, оған әкімшілік шара қолданылды. Осындай құқық бұзушылық жасаған тағы 12 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

Бөлісу