Негізгі Жаңалықтар ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Арыс қаласында жаңа жедел басқару орталығы іске қосылды. Заманауи бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған орталық қоғамдық орындар мен жолдардағы жағдайды тәулік бойы бақылауға мүмкіндік береді.


Орталық 76 мыңнан астам тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бейнебақылау камералары арқылы бүгінде 80-ге жуық құқық бұзушылық анықталған. Олардың қатарында қоғамдық орындарда темекі өнімдерін пайдаланған азаматтар мен жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілер бар. Полиция қызметкерлері анықталған құқық бұзушылықтарға дер кезінде ден қойып, заң талаптарына сәйкес шаралар қабылдады. Жаңа орталықтың іске қосылуы полиция жұмысының тиімділігін арттырып, құқық бұзушылықтарға жедел ден қоюға және қоғамдық тәртіпті тұрақты бақылауда ұстауға мүмкіндік береді.


Бөлісу