ЖАҢА ҒИМАРАТ АШЫЛДЫ
Қазығұрт ауданында қауіпсіздік саласы қызметкерлеріне жаңа ғимарат пайдалануға берілді. Заманауи талаптарға сай жабдықталған нысан мамандардың тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі, сала басшылары мен аудан өкілдері қатысты.
Жаңа ғимарат – екі қабатты. Мұнда қызметкерлердің жұмысына қажетті кабинеттермен қатар, бақылау-өткізу пункті, көлікке қызмет көрсету орны мен санитарлық-тұрмыстық бөлмелер қарастырылған. Өңір басшысы жаңа нысанның жұмысты тиімді ұйымдастырып, аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін атап өтті.
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының инфрақұрылымын жетілдіруге ерекше назар аударып келе жатыр.Облыста бұл бағытта ауқымды жұмыс жүріп жатыр.Барлық ауданды қамтыдық, енді екі аудан қалды. Шекаралас өңір болғандықтан, сіздердің жауапкершіліктеріңіз өте жоғары.Ел қауіпсіздігін сақтап жүрсіздер, ол үшін сіздерге алғыс айтамын.
Ал Түркістан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы ел тыныштығын сақтауда сала мамандарына жүктелген жауапкершіліктің жоғары екенін айтты. Жиында қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып жүрген бір топ азаматқа марапаттар табысталды.
БОЛАТ ҚАЛМҰРЗАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Киелі Қазығұртта жаңа ғимарат ашқалы отырмыз.Облыс әкімі айтып өткендей, 13 ауданның 9-ында жаңа ғимарат ашылды.Бұл-біз үшін қуанышты жағдай әрі үлкен жауапкершілік.
Жаңа нысанның айналасы толық абаттандырылған. Қызметкерлердің жұмыс уақытын тиімді ұйымдастырып, дене шынықтырумен айналысуына арнайы орындар да қарастырылған.