Негізгі Жаңалықтар СТЕНД АТУДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

СТЕНД АТУДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Шымкентте стенд атудан Қазақстан чемпионаты басталды. Жарысқа еліміздің жеті өңірінен 120-дан астам спортшы қатысып жатыр. Олардың қатарында әлем және Азия ойындарының жүлдегерлері, сондай-ақ Олимпиадаға қатысқан мергендер бар. Байрақты бәсеке спортшыларға алдағы Азия ойындары қарсаңында бабын сынап, шеберлігін шыңдауға мүмкіндік береді.

 АРУЖАН ЖИЕШ, ТІЛШІ
Шымкентте стенд атудан ел чемпионаты өтіп жатыр. Жеті өңірден келген 120-дан астам спортшы дәлдік пен мергендік сынға түсіп, үздікті анықтауда. Байрақты бәсекеде халықаралық додаларда ел намысын қорғаған тәжірибелі мергендермен қатар, спортқа енді қадам басқан жас атқыштар да бақ сынап жатыр.

ЕРМЕК ДӘРМЕНОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бүгін көріп отқандай,31 мен 6-сы арасында Шымкент қаласында  «Shooting Plaza» ату базасында ҚР чемпионаты өтуде.Бұл Қазақстан чемпионатыныңсоңғы этапы.Азия ойындарының алдындағы этаптарының біреуі.Енді осы жерде барлығы нақтыланып,шегерленеді,Азия ойындарына баратын спортшылар.Жалпы қазір 7 команда келді,қатысып жатыр,120-дан астам спортшы бар.Және түртіп кетерлік жайт бар,Шымкент қаласының өзінен 50 спортшы қатысып жатыр.Бұл чемпионатқа қатысу споршы үшін спорттық белестерді шыңдау мәселесінде болады.       

Стенд ату – жоғары дәлдікпен қатар, шапшаңдық пен мықты дайындықты талап ететін спорт түрі. Бұл жолғы чемпионатта Шымкент қаласының 50 спортшысы қатысып, ең үлкен делегацияны құрап отыр. Жарыс барысында үздіктер анықталып, ұлттық құрама сапына үміткерлердің мүмкіндігі сараланады.

МАРИЯМ МЫРЗАЕВА, СПОРТШЫ
 Мен осы мылтық ату спортына 4 жыл болды қатысып келе жатқаныма,осы спортқа әкем алып келді. Rc деген патрондармен атамыз. Менің мылтығым пирадзи италиядан шығарылған.   

Жарысқа қатысып жатқан жас спортшылар үшін мұндай дода – тәжірибе жинап, шеберлігін шыңдаудың үлкен мүмкіндігі. Ал тәжірибелі мергендер үшін ел чемпионаты халықаралық жарыстар алдындағы маңызды дайындық кезеңі саналады.

 РАЙХОН ЮНУСМЕТОВА, СПОРТШЫ
 Мен бұл спортқа 3 жылдай болды қатысқаныма,бұл спортқа мені анам алып келді.Мылтық атуға қызыққаннан соң,осы жерде қалып аййналысатын болдым. Тарелка ұшқанда оны мылтықпен мақсат етіп соны бір атқаннан соң адреналин ұстайсың,соған көмектеседі.

Шымкентте өтіп жатқан чемпионат 6 қыркүйекке дейін жалғасады. Дода қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, үздік нәтиже көрсеткен спортшылардың алдағы халықаралық жарыстардағы мүмкіндігі сараланады. Мамандардың айтуынша, мұндай бәсекелер жастардың спортқа қызығушылығын арттырып, өңірдегі стенд атудың дамуына серпін береді.


Бөлісу