Негізгі Жаңалықтар ҚАЗАҚ ТІЛІ – ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТАРАЛЫҚ ТІЛІ

ҚАЗАҚ ТІЛІ – ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТАРАЛЫҚ ТІЛІ

Шымкентте тілдер мерекесіне орай «Қазақ тілі – Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты форум өтті. Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруды көздеген жиынға тіл жанашырлары мен мәдениет саласының мамандары қатысты. Форум барысында қатысушылар тілдің қоғамдағы орны жөнінде пікір алмасты.


АРУЖАН САМИДИН, ТІЛШІ
Қазақ тілі – ел бірлігін бекемдейтін ортақ құндылық Бүгінде мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып, оның қолданыс аясын кеңейту бағытында түрлі бастамалар қолға алынды. Форумның ашылу салтанатында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы сөз сөйлеп, мемлекеттік тілдің қоғамдағы орнына ерекше тоқталды. Оның айтуынша, қазақ тілін дамыту – ел болашағын ойлаған әр азаматтың ортақ міндеті. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге үлес қосып жүрген азаматтардың еңбегі де ескерусіз қалмады. Жиында қазақ тілін насихаттап, оның қолданыс аясын кеңейтуге атсалысып жүрген бірқатар азаматқа алғыс хаттар табысталды.


СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
 Жаңа Конституцияда қазақ тілінің мемлекеттік тіл деген статусы бекіді.Бұл мемлекетті елде тұрып жатқан барлық этнос өкілдері, біртұтас Қазақстан халқы тәуелсіздікті нығайта отырып, мемлекеттік одан әрі өркендеуіне үлес қосатыны айтылды.


АРУЖАН САМИДИН, ТІЛШІ
Форумда қазақ тілінің грамматикасы, терминологиялық сөздерді дұрыс аудару, заманауи ұғымдарға қазақша балама қалыптастыру мәселелері де назардан тыс қалмады. Қатысушылардың айтуынша, ең алдымен мемлекеттік тілдің күнделікті өмірдегі қолданыс аясын кеңейту қажет.


АЙНҰР БАЙМЫРЗА, А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ТІЛ БІЛІМІ ИНСТИТУТЫНЫҢ АҒА ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Жасанды интеллект өзіне база ретінде әлеуметтік желіні қолданады ғой.Сондықтан бізге сауатты мәтіндер керек.Тұтынушылар осыны ескерсе.Себебі, қарапайым қолданушылар тілді сауатсыз түрде қолдануы мүмкін.Сол үшін қазақ тілінде сауатты сөйлеп, сапалы контент тудыруға тырысу керек.


 АРУЖАН САМИДИН, ТІЛШІ
Технология өрістеген сайын тілдің де заман талабына сай дамуы маңызды. Биыл сала мамандары жасанды интеллект мүмкіндігін пайдаланып, қазақ тілін үйретудің цифрлық жобасын дайындады. Тіл үйренуші енді жаңа технологияның көмегімен тілдік дағдыларын жетілдіре алады.


АМАН АБАСИЛОВ,  ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ
Бүгін мұнда қазақ тілінің этносаралық тіл ретіндегі қолдануына байланысты лингвистикалық тұрғыдан талдау жасаймын.Сөзден іске көшетін заман болды.Мұндай іс-шара өткізумен қатар, өнім шығару жайын ойлану керек.


АРУЖАН САМИДИН, ТІЛШІ
Форумда тіл жанашырлары баяндама оқып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту жайын ортаға салды.  Қатысушылар тілдің бүгінгі ахуалына талдау жасап, өзекті ұсыныстарын білдірді.

Бөлісу