ҚАЙЫР СҰРАУ: 3 МЫҢНАН АСТАМ ДЕРЕК АНЫҚТАЛДЫ
Түркістан облысында полиция қайыр сұрауға қатысты 3 мыңнан астам деректі анықтады. Құқық бұзған азаматтарға заңнамаға сәйкес шаралар қолданылды.
Олардың ішінде 14 шетелдік азамат сот шешімімен елден шығарылды. Ал қайыр сұраудың 1500-ге жуық дерегі бейнебақылау камералары арқылы тіркелген. Жедел басқару орталығына түсетін ақпарат құқық бұзушылықтарға нақты уақыт режимінде жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Камералар арқылы тәртіп сақшылары заң бұзған азаматтарды анықтап, қайталанған құқық бұзушылықтардың алдын алады.
ҚУАНЫШ КОЗИКЕЕВ, ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫ БАСТЫҒЫНЫҢ М.А.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде Жедел басқару орталығының маңызды рөлі бар. Оның көмегімен инспекторлар қайыр сұрауға қатысты 1500-ге жуық деректі анықтап, құқық бұзушыларға заңда көзделген шаралар қолданды.