Негізгі Жаңалықтар 15 МЫҢ БАЛА АУЛА ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

15 МЫҢ БАЛА АУЛА ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

Жазғы демалыста 15 мыңдай бала «Аула чемпионатына» қатысты. Мегаполистегі жасөспірімдер ұлттық спорт түрлерінен бақ сынады. Үш айға созылған іріктеу кезеңінен үздік шыққандар қазір аудандық финалда жарысып жатыр. Әл-Фараби ауданындағы ақтық бәсекені арна тілшісі көріп қайтты.

 Асқар Ерғали «Аула чемпионатына» пенальти тебуден қатысқан. Жаз бойы аула жарыстарында үздік нәтиже көрсетіп, аудандық кезеңде де топ жарды. Жас спортшының айтуынша, жоба шеберлігін шыңдауға мүмкіндік берген.

 АСҚАР ЕРҒАЛИ, ЖАС СПОРТШЫ
Қақпаға доп тебу ойынына қатыстым. Өзімнің дайындығымды көрсете алдым.Мен бұл сайысқа дейін бірнеше жыл осы спортпен шұғылданып келемін.

Бұқаралық спортты дамытуға бағытталған жоба биыл үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Жаз бойы аулаларда өткен іріктеу кезеңдеріне қатысушылар бес спорт түрінен сынға түсті. Олар ләңгі тебу, асық ату, пенальти тебу және шеңберге доп салу секілді ұлттық әрі спорттық ойындарда ептілік пен дәлдіктерін көрсетті.

ЕРЖІГІТ РЫСБЕК, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ІС-ШАРАЛАРДЫ ӨТКІЗУ ДИРЕКЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Жалпы біз ұлттық ойын түрлерін насихаттап жатырмыз. Ләңгі тебу, асық ойнау, пинальти тебу, шеңберге доп салу сияқты 5 спорт түрінен өткіздік.

Жарысқа мегаполистегі 150 ге жуық ауладан командалар қатысып отыр. Іріктеу кезеңдері жаз бойы 140 алаңшада өткен. Аудандық кезең жеңімпаздары диплом және кубокпен марапатталады. Жас спортшыларға арнайы сыйлықтар да табысталады.



Бөлісу