Негізгі Жаңалықтар МАЛ ҰРЛЫҒЫ: 460-ҚА ЖУЫҚ АДАМ ҰСТАЛДЫ

МАЛ ҰРЛЫҒЫ: 460-ҚА ЖУЫҚ АДАМ ҰСТАЛДЫ

Жыл басынан бері елімізде мал ұрлығына қатысы бар 460-қа жуық адам ұсталды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, олардың арасында 107 қылмыстық топтың мүшесі бар. Заңды иелеріне үш мыңнан астам мал қайтарылған.


Тамыз айында полицейлер жылқы мен ірі қара ұрлығына қатысы бар деген күдікпен екі адамды ұстады. Тергеу барысында олардың тоғыз қылмыс эпизодына қатысы бары анықталды. Күдіктілер 15-тен астам малды жайылымнан ұрлап, шалғай елді мекенге жеткізіп, сонда сойған. Кейін етті сату үшін арнайы орындарға өткізген. Тәртіп сақшылары ауыл тұрғындарына малды қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Сондай-ақ GPS-трекерлерді пайдаланып, малды уақытылы таңбалау, чиптеу және есепке қою маңызды. Мамандардың айтуынша, мұндай шаралар мал ұрлығының алдын алып, қылмыс болған жағдайда ұрланған малды жедел іздеуге мүмкіндік береді.


Бөлісу