Негізгі Жаңалықтар АУРУХАНАҒА ТҮСКЕН ЖАҒДАЙДА ЖАҚЫНДАРЫҢЫЗҒА ХАБАРЛАМА КЕЛЕДІ

АУРУХАНАҒА ТҮСКЕН ЖАҒДАЙДА ЖАҚЫНДАРЫҢЫЗҒА ХАБАРЛАМА КЕЛЕДІ

Енді ауруханаға түскен жағдайда жақындарыңызға автоматты түрде хабарлама келеді. Оқыс оқиғаға ұшыраған адам өздігінен туғандарына хабарласа алмаса, алдын ала көрсетілген сенімді өкілге SMS-хабарлама жіберіледі.


Жаңа қызмет eGov.kz порталында «Емдеуге жатқызылған жағдайда хабарлау үшін сенім білдірілген байланыстарды тіркеу» атауымен қолжетімді. Мұнда үш адамға дейін тіркей аласыз.  Қызметті қосу үшін eGov.kz порталына кіріп, аталған қызметті таңдау қажет. Одан кейін сенім білдірілген адамның ЖСН-ін енгізіп, дербес деректерді өңдеуге келісім беру керек. Осыдан кейін көрсетілген адамға SMS-хабарлама келеді. Тіркеуді растау үшін 911 кодын, ал бас тарту үшін 912 кодын басу қажет. Тұлға тіркеуді растағаннан кейін бұл ақпарат Денсаулық сақтау министрлігіне жіберіледі. Өтінішті өңдеу 10 минутқа созылады. Қызметті eGov.kz порталындағы «Жеке кабинеттен» немесе eGov Mobile қосымшасындағы «Хабарламалар – Жеке кабинет тарихы» бөлімінен көруге болады. Жаңа сервис Денсаулық сақтау министрлігі мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бірлескен жұмысы аясында іске қосылды

Бөлісу