143 КОЛЛЕДЖДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ ЖАҢАРТЫЛАДЫ
Қазақстанда колледждердің материалдық-техникалық базасын жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысында мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, кәсіптік білім беру сапасы ең алдымен колледждердің материалдық-техникалық жағдайына тікелей байланысты. Бүгінде жергілікті атқарушы органдар мен жұмыс берушілердің қаражаты есебінен 174 колледж, ал жер қойнауын пайдаланушылардың қолдауымен 13 колледж қажетті құрал-жабдықтармен қамтылды. Соған қарамастан, елдегі 143 мемлекеттік колледждің материалдық базасын жаңарту қажет. Ал 72 колледж күрделі жөндеуді талап етеді. Бұдан бөлек, бүгінде 11 өңірде 20 мың орынға есептелген 13 заманауи колледж салу жоспарланып отыр.