ЕКІ АЙДА МЕМЛЕКЕТКЕ 3,7 МЛРД ТЕҢГЕ ЗАЛАЛ КЕЛТІРІЛДІ
Екі айдың ішінде мемлекет қазынасына 3,7 млрд теңге көлемінде залал келтірілген. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, анықталған қылмыстардың басым бөлігі пара алу, ұрлық, алаяқтық, заңсыз әрекеттер және қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану фактілеріне қатысты. Қазір осы істер бойынша 140 адам күдікті деп танылған. Тергеу нәтижесінде 126 қылмыстық іс аяқталып, оның 110-ы соттың қарауына жолданған.