Негізгі Жаңалықтар АУЛАСЫНДА ЕСІРТКІ ӨСІРГЕН

АУЛАСЫНДА ЕСІРТКІ ӨСІРГЕН

Түркістандық тұрғын үйінің ауласында есірткі өсірген. «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде полицейлер есірткі құрамдас өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісін анықтады.


Сақшылар жеке тұрғын үйдің ауласынан есірткі заты бар 75 түп өсімдік тапқан. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті оларды өсіру үшін ауласынан көзге түспейтін жасырын орын әзірлеген. Сонымен қатар марихуанаға ұқсас өсімдік тектес зат салынған темір ыдыс пен екі қағаз орама тәркіленді. Күдікті заттарды жеке пайдалану үшін өсіріп, сақтағанын айтқан. Сараптамаға дейінгі мәлімет бойынша, тәркіленген заттардың жалпы салмағы шамамен 12 келі. Қазір есірткі құрамдас өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынған.


Бөлісу