Негізгі Жаңалықтар «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қоғамдық-саяси, әлеуметтік және рухани-адамгершілік мәселелер. Ел дамуының стратегиялық бағыттары мен ұлттық руханиятты дамыту жайы да назардан тыс қалмады. Шымкентте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітабын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Жиында «Заң мен тәртіп» қағидатын қоғамдық санада орнықтырудың маңызы сөз болды.


Алқалы жиынды облыс әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек жүргізді. Ол Президенттің әр жылдардағы сөздерін біртұтас сабақтастықта қараудың маңызын атап өтті. Басқосуға зиялы қауым, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылыми-академиялық орта өкілдері, заңгерлер мен белсенді жастар қатысты. Қатысушылар кітаптағы әділеттілік, заң үстемдігі, ашықтық, адал еңбек пен жауапкершілік қағидаттарының қоғам дамуындағы рөлін талқылады.


БЕКЕТ ТҰРҒАРАЕВ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ
Адам құқықтарына қатысты жаңа нормаларға назар аударғым келеді. Адамның ұсталған кездегі құқығы негізсіз ұстауға жол бермеу өзіне және жақын туыстарына қарсы айғақ бермеу кінәсіздік презумциясы сияқты кепілдіктер күшейтілді.


Басқосуда азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамалық өзгерістерге де назар аударылды.
МҰХТАР ТӨЛЕГЕН, М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ РЕКТОРЫ
 Осы кітапты оқып отырып біз жастарға таратып отырмыз. Себебі біздің университетте әрбір кураторлық сағаттар әр топтрмен кездесуде бұл кітап кеңінен талқыланып жатыр. Президентіміз айтып отыр «Білім мен тәрбие егіз ұғаым» бұлар бір-бірінен ажырамау керек.


Қатысушылардың пікірінше, әділетті қоғамның негізі – заң талаптарын сақтау ғана емес, азаматтардың жауапкершілігі мен өзара сенімін қалыптастыру. Бұл ретте білім мен тәрбие мәселесінің де маңызы ерекше.


 МЕРЕЙ АСҚАР, ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Әділетті Қазақстанды қалыптастыру үшін біз мемлекетіміздің жасап шығарған нұсқамасын жай ғана қолдану емес әрбір азаматтың білім мен ғылымға өз үлесін қосу еңбегіне адал болу керек.


 Айта кетейік, «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» жинағына Мемлекет басшысының мемлекет, қоғам және азамат туралы ой-тұжырымдары топтастырылған. Басылымда әділеттілік, заң үстемдігі, ұлттық бірегейлік, білім, цифрландыру және экологиялық мәдениет секілді 21 негізгі бағыт қамтылған. Қатысушылар бұл еңбектің жастарға, мемлекеттік қызметшілерге және қоғамның түрлі өкілдеріне маңызы зор екенін атап өтті.

Бөлісу