МӘДЕНИЕТ – ӨҢІРДІҢ РУХАНИ ДАМУЫ
Түркістан облысында мәдениет саласын дамытудың 2026-2029 жылдарға арналған арнайы жол картасы әзірленіп, бекітілді. Аталған құжат негізгі 5 бағытты қамтиды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте мәдениет саласының негізгі даму бағыттары мен өзекті мәселелері талқыланды. Енді өңірде жаңа мәдениет үйлері салынып, балаларды тегін шығармашылық үйірмелермен қамту дейгейі артпақ.
Түркістан облысында 801 елді мекеннің 249-ында мәдениет ошағы жұмыс істейді. Алайда, мәдениет үйлерін қажет ететін 30 елдімекен бар. Жоспарға сәйкес онда 100 және 200 орындық мәдениет үйлері бой көтереді. Ал, 2022 жылдан бері облыста 26 мәдениет үйі мен клуб салынған.
БАҚЫТЖАН САДЫҚОВ, МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ
Биыл 13 мәдениет нысанының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 8 айдың қорытындысымен 4 мәдениет нысаны пайдалануға берілді. Қалған 9 нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Сонымен қатар биыл «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасымен 2 мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп 1-еуі пайдалануға берілді.
Өңірде балаларды тегін шығармашылық үйірмелермен қамту көрсеткіші жыл сайын артып келеді. 2025 жылы 11 мыңнан астам бала қамтылса, биыл бұл көрсеткішті 17 мыңға арттыру жоспарланған. Сондай-ақ, облыста 390 кітапхана халыққа қызмет көрсетеді. Олардың басым бөлігі компьютерлік техникамен қамтамасыз етіліп, интернет желісіне қосылған.
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Мәдениет саласын бойынша кешенді іс-шаралар жоспарын қайта қарап, толықтырып бекітуді тапсырамын. Аудан, қалалардағы кітапханалар, мәдениет үйлерінің жағдайын тұрақты моноторинг жасап, кезең-кезеңімен шешуді тапсырамын.
Сондай-ақ, түркістандық театрлар халықаралық фестивальдер мен байқауларда топ жарып жүр. Бүгінде өңірдегі театрларға жас мамандарды тарту бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.