Негізгі Жаңалықтар ТІЛ – ҚОҒАМ ТҰТАСТЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

ТІЛ – ҚОҒАМ ТҰТАСТЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

Түркістанда этносаралық келісімге арналған бірқатар іс-шара өтті. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге бағытталған жиын әлеуметтік желідегі жауапкершілік мәселелерін қамтыды.


 Іс-шара «Тілім – тұғырым» атты мерекелік бағдарламадан басталды. Басқосуда этнос жастары қазақ тілінде өлең оқып, ән айтты. Ана тілдің дамуына үлес қосып жүрген белсенді азаматтарға құрмет көрсетілді. Кездесулердің бірінде қоғамдық қауіпсіздік пен этносаралық татулық мәселелері талқыланды. Құқықтық мәдениетті арттыру, қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға қатысты ұсыныстар ортаға салынды. Сондай-ақ «Әлеуметтік желілердегі этносаралық пікірталас: тәуекелдер мен мүмкіндіктер» тақырыбында семинар өтті. Мұнда құқықтық сааттылық пен ақпараттық қауіпсіздік жайы талқыға түсті.


АСХАТ ЕСЕНАЛИЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЗАҢ АКАДМИЯСЫНЫҢ АКАДЕМИГІ
Жалпы, қазір жасанды интеллект қоғамның дамуына үлкен серпіліс беріп отыр.Дегенмен, қазір түрлі мессенджрлердегі тараған ақпараттар қоғамға кедергі келтіруде. Бүгінгі семинар этностардың арасындағы бірлікті, татулықты нығайтуға бағытталды.

Бөлісу