Негізгі Жаңалықтар КӨЛІК ПАСПОРТЫН РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ

КӨЛІК ПАСПОРТЫН РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ

Қазақстанда көліктердің электронды паспортын рәсімдеу тәртібі өзгеруі мүмкін. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі нормативтік құжаттарға бірқатар түзету енгізуді ұсынды.


Енді паспортты рәсімдеу тәртібі көліктің қай елден әкелінгеніне әрі айналымға қашан шығарылғанына қарай анықталады. Бұдан бөлек, Қазақстанның уәкілетті органдары мен электронды паспорт жүйесі арасында ақпарат алмасу тәртібі нақтыланады. Еуразиялық одаққа мүше мемлекеттердің тиісті жүйелерімен дерек алмасу тетігі де реттелмек. Өзгерістер мұндай құжаттарды рәсімдейтін ұйымдарға да қатысты. Қазір жоба қоғамдық талқылауға ұсынылды. Азаматтар өз ұсыныстары мен пікірлерін 12 қыркүйекке дейін жолдай алады.

Бөлісу