200 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ
Түркістан облысында полиция камералардың көмегімен құқық бұзушылықтарды анықтауда. Облыста жедел басқару орталығына қосылған бейнебақылау камералары тәулік бойы жұмыс істейді.
Сайрам ауданында олардың көмегімен 200 құқық бұзушылық анықталды. Құқық бұзушылықтардың басым бөлігі абаттандыру және жол қозғалысы талаптарына қатысты. Мәселен, азаматтардың абаттандыру қағидаларын бұзуы бойынша 50-ге жуық жайт анықталып, заңды шара қабылданған. Солардың бірі Ақсукент ауылында азаматтың темекі шегіп, темекі қалдығын белгіленбеген жерге тастағаны бейнекамераға түскен. Полиция қызметкерлері тұрғынның жеке басын анықтап, шара көрді. Бейнебақылау камераларының назарына қоғамдық орындардағы ұсақ тәртіп бұзушылықтар да ілігеді. Манкент ауылының көшесінің бірінде жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен тұрғын анықталды. Дәл осындай 25 факт тіркелген. Оларға әкімшілік шара көрілді.