МҰҒАЛІМДЕРДІ АРТЫҚ МАЗАЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНБАҚ
Енді мұғалімдер кешкі 6-дан кейін ата-аналардың хабарламасына жауап бермейді. Оқу-ағарту министрі ұстаздардың жеке уақытына құрметпен қарауға шақырды.
Оқу ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл "Педагог мәртебесі туралы" заңға өзгерістер енгізілді. Онда мұғалімнің сабақ уақытындағы және сабақтан тыс уақыттағы міндеттері, сондай-ақ мектептегі және оқу процесіндегі жауапкершілігі нақты көрсетілген. Енді жаңа талап енгізіп, жұмыстан тыс уақытта педагогтарды артық мазалауға тыйым салынбақ. Алайда бұл мәселе әлі заңмен реттелген жоқ. Кешкі алтыдан кейінгі уақытта қоңырау шалу немесе хабарлама жазу бойынша педагогтар ата-аналармен бірлесіп, ортақ шешім шығаруы ықтимал.