Негізгі Жаңалықтар 24 ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП МҮШЕЛЕРІ ҰСТАЛДЫ

24 ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП МҮШЕЛЕРІ ҰСТАЛДЫ

Жыл басынан бері еліміздің бірқатар өңірлерінде 24 қылмыстық топ мүшелерінің заңсыз әрекетінің жолын кесілді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша кешенді шараларды іске асырып жатыр.


 Ұйымдасқан топтар бопсалау, адам ұрлау, қаруды заңсыз сақтау әрекеттерімен айналысқан. Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен 169-дан астам адам, оның ішінде топ жетекшілері ұсталды. Шекара маңында, өнеркәсіп және қоршаған ортаны қорғау салаларында қылмыстық схемаларды ұйымдастырумен байланысты заңсыз кіріс көздері анықталып, жойылды.


ҚАЙЫРЛЫ АХМЕТ, ҚР ҰҚК БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бөлісу