Негізгі Жаңалықтар КІШІ ФУТБОЛДАН ОТБАСЫЛЫҚ ТУРНИР

КІШІ ФУТБОЛДАН ОТБАСЫЛЫҚ ТУРНИР

Кіші футболдан дәстүрлі дода. «Бір атаның балалары футбол ойнайды!» атты отбасылық командалар арасындағы республикалық жарыс өтті. 25-ші рет өткізіліп жатқан турнир Түркістан облысында алғаш рет ұйымдастырылды.


Дәстүрлі додада еліміздің әр өңірінен келген 32 отбасылық команда, яғни 400-ден астам қатысушы бақ сынады. Жарыс әулеттер арасындағы бірлікті нығайтып, туыстық қарым-қатынасты дәріптейді. Биылғы турнирдің ерекшелігі – осы уақытқа дейін өткізілген жарыстардың тарихы жинақталып, арнайы кітап болып жарық көрмек.


 САМАТ ӨСКЕНБАЕВ, СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
«Бір атаның балалары футбол ойнайды» дәстүрлі 25-ші республикалық турнирі Түркістан алғаш рет ұйымдастырылып жатыр.  Жалпы жеңімпазға 1 млн теңге қаржылай сыйлығымыз бар. 2-ші орынға 600 мың, 3-ші орынға 400 мың теңге. Одан бөлек кубок, медальдар. Арнайы үздік ойыншыларға марапаттар бар.

Бөлісу