Негізгі Жаңалықтар САЯБАҚТАР МЕН ГҮЛЗАРЛАР ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРЫЛЫП ЖАТЫР

САЯБАҚТАР МЕН ГҮЛЗАРЛАР ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Шымкентте саябақтар мен гүлзарлар масадан тазартылып жатыр. Қаладағы санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін зиянкестерге қарсы дезинсекция жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.


 Мамандар тұрғындарға қолайсыздық тудырмау үшін өңдеу жұмыстарын негізінен таңғы және кешкі уақытта жүргізеді. Дезинсекция қаладағы демалыс орындарын, саябақтар мен өзен-каналдардың жағалауларын қамтиды. Залалсыздандыру жұмыстары ауыл шаруашылығы жануарларын да қамтыған. Бүгінге дейін 152 мыңнан астам төрт түлік өңдеуден өтіп, жалпы 4,6 миллион шаршы метр аумақ залалсыздандырылды. Ал кенеге қарсы дезинсекция жылына екі рет – көктемде және күзде жүргізіледі. Жазғы науқанның екінші кезеңі шілде айының соңында басталған. Қазір масаға қарсы өңдеу 14 саябақ, 38 өзен-канал және 49 гүлзарда жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар кеміргіштерге қарсы дератизация жұмыстары да күшейтілген. Өңдеу өзен-каналдар, қоқыс жәшіктері мен контейнер алаңдарында жүргізіледі. Жұмыстар қыркүйек айының соңына дейін аяқталмақ.


ҚАНАТ БАЗАРБЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
 Кеміргіштерге қатысты дератизация дейміз. Жоспарға сәйкес, жылына екі рет жүргізіледі. Бұл жерде өзен-каналдар, қоқыс жәшіктері, контейнерлер орналасқан аумақтарды толық залалсыздандыру жұмыстарын атқарамыз. Қыркүйек айында бұл жұмысты аяқтаймыз.

Бөлісу